Мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарын анықтау және ынталандыру, тіл мәдениетінің деңгейін өсіру мақсатында өзге ұлттар жастары арасында «Тіл – парасат» атты байқау өткізілді.
Мемлекеттік тілдің қолдану беделін арттыруға бағытталған сайысқа он талапкер қатысты.
Байқау шартына сәйкес олар берілген тақырыпқа ауызша тұсаукесер жасап, эссе жазудан және үй тапсырмасы бойынша өз өнерін көрсетуден өзара сынға түсті.
Сайыс қорытындысымен І орынды №16 мектептің 11-сынып оқушысы Светлана Коваленко жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алса, жүлделі ІІ, ІІІ орындарды №266 мектеп-лицейдің оқушылары Валерий Ходжаев пен Олег Ачкасов иеленді.