Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢАҚОРҒАН МУЗЕЙІНДЕ САМАУРЫН КӨРМЕСІ ӨТТІ

 

Бүгін Жаңақорған аудандық музейде "Халықаралық музейлер кұніне" орай "Ұлт құндылығы жәдігер" тақырыбында іс-шара өтті.

 Іс-шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Айдосова,  ауданның белгілі азаматтары – Қазақстан Журналистер одағының мүшелері А.Сопыбеков, М.Ашимов, аудандық мұрағат директоры З.Абжалелова, аудандық өнер мектебінің директоры Қ.Қошқарбаев, "Жаңақорған тынысы" газетінің бас редакторы Қ.Әбдуов және өзге де жәдігер жанашырлары қатысты. Іс-шара барысында "музейге сыйлық" акциясы және "самаурын фестивалі "өтті. Ауданның соғыс ардагері Әпсемет Мадиевтің қызы Маржан Мадиева әкесінің майдан даласында киген әскери киімін, әкесінің наградаларын музейге сыйға тартты. Ескі бір немесе бірнеше ғасырлық ескі самаурын көрмесі ұйымдастырылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: