Қазақ хандығының 550 жылдығына орай аудан әкімінің қолдауымен ардагерлер Түркістан қаласына саяхат жасап қайтты. Бұл жайында удан әкімдігі баспасөз қызметі хабарлады.
Өңірдің 30 шақты белсенді ардагерлері ер түріктің бесігі атанған қаланың қасиетті орындарында болып, тарихи жәдігерлермен танысты. Саяхат барысында Арыстан баб кешеніне, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, Ұлы қорған мен тарихи археологиялық ескерткіштерде болған олар үлкен әсер алғандарын жеткізді.
Алдағы уақытта да ардагерлер бір сергіп, дем алу үшін осындай шараларды жиі ұйымдастыру жоспарланып отыр.