Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қазалыда Абайға арналған мәдени шара өткізілді


Қазалы аудандық орталық кітапханасында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған арнайы шара өткізілді.
Р. Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында «Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес» тақырыбымен өткен шараға келгендер алдымен «Адамзаттың Абайы» атты кітап көрмесін тамашалады.
Абайдың мұраларын ұлықтауға арналған шарада аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтау сөз сөйледі.
Мұнан кейін ғұлама, ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырған ақынның жырлары мен қара сөздерінен үзінділер оқылды. Аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Абайдың «Тайжорға» күйін орындаса, №165, №216 және №226 мектептің оқушылары үш тілде өлең оқыды.
Шара соңында аудандық орталық кітапхана директоры Индира Назарова эстафетаны Көларық ауылдық округінің әкімі Серік Өмірзақовқа табыстады. Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған келесі эстафеталық шара Ақтан батыр ауылында өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: