Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Мұрағаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселесі талқыланды

Мұрағаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселесі талқыландыҚызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен  «Жаңақорған аудандық мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Ведомстволық мұрағаттармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында оқу- семинар өткізілді. Семинарға облыстық басқарма қызметкерлері, Қызылорда облысының барлық аудандарының мұрағат басшылары, облыс орталығындағы мұрағат қызметкерлері, Жаңақорған аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдері және    ведомостволық мұрағатта жауапты бөлім басшылары, мұрағатшы мамандар қатысты.
Семинарды  аудан әкімі Руслан Рустемов ашып, ауданның тарихына, өткізіліп отырған семинардың маңыздылығына тоқталып, қатысушы ұйымдарға құжат айналымына деген ұқыптылықты  арттырып,Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының сақталуына жауапкершілікпен қарау  басты назарда болу керектігін айтты.   .
Сондай-ақ Жаңақорған аудандық мұрағаты мекемесінің директоры З.Абжалелова баяндама жасап, аудандық мұрағатының тарихы мен жетістіктері жайлы айтса, Сунақата ауылдық округінің әкімі ,жеке тектік құжаттар қорының  иесі Әзия Қыстаубаева мұрағат тек құжат қабылаумен емес, ауданның бетке тұтар азаматтарының құжаттарын қабылдап, еңбек жолдарын насихаттаушы бірден- бір ұйым екендігін тілге тиек етті.
Соңынан еңбек ардагері, «Қазақ КСР-не еңбегі сіңірген ауылшаруашылығы шебері» құрметті атағының иегері, «Жаңақорған ауданының  құрметті азаматы» Зұлпыхар Мұсахановтың жеке тектік құжаттары мұрағат қорына ресми түрде тапсырылды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: