Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ШАРАЛАР ӨТТІ

 

28 қазан күні Қызылордада көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Еңбек ері Әбіш Кекілбаевты еске алуға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. 
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті және Болашақ университетінде Әбіш Кекілбаев атындағы дәрісханалар ашылды. 
Сонымен қатар, Студенттер сарайында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, филология ғылымдарының докторы Сауытбек Абдрахманов, Әбіш Кекілбаевтың жұбайы Клара Жұмабаева және әдебиеттанушы мамандар, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен «Тәуелсіздік және Әбіш Кекілбаев әлемі» атты ғылыми конференция өтті. 
Шара Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрындағы Әбіш Кекілбаевтың «Найман ана» новелласы мен Шыңғыс Айтматовтың «Күйші» повесінің желісі негізінде жазылған «Адам болып өтейін» спектакльдік қойылымымен жалғасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: