Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ АЙТЫС ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНСЫЗ ӨТТІ

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ АЙТЫС ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНСЫЗ ӨТТІ

 

Жаңақорған ауданы Манап ауылдық клуб үйінде «Айтыстың ақтаңгері – Манап ақын» атты аймақтық ақындар айтысы өткізілді. 
Бұл айтыс достық кездесу негізінде өткендіктен қазылар алқасы сайланбады. Бірінші жұп болып айтысқан Жамбыл қаласының ақыны Әсет Дүйсебаев пен Оңтүстік Қазақстан облысының ақын қызы Карима Оралова болса, екінші боп сахнаға алматылық ақын Асхат Қылышбек, тараздық ақын Қанат Мырзахан және қызылордалық Мұхтар Ниязовтар үшеуі болып айтысып елдің ықыласына бөленді. 
Ақындарға аудан әкімінің арнайы «Алғыс хаты» және бағалы естелік сыйлықтары табысталды. Аймақтық ақындар айтысын жас ақын Бекарыс Нұриманов және Бесарық ауылдық клуб үйінің қызметкері Жәнібек Сыздықов жүргізді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: