Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Нартай әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өтті

Нартай әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өттіҚызылордада Нартай Бекежановтың 125 жылдығына арналған «Өздерің білер Нартаймын» атты Нартай әндерін орындаушылардың республикалық конкурсы өтті. 
Нартайдай нар тұлғаның халқына қалдырған мол мұрасы ел жадында. Оның өзгеше өнер туындылары қазақ мәдениетінің мәйегіне айналып отыр. Байқаудың басты мақсаты да Нартайдың азаматтық, өнерпаздық бірегей тұлғасын жас ұрпақтың санасында жаңғырту болды. Сондай-ақ, бұл байқау республика көлеміндегі дәстүрлі әншілердің тәжірибе алмасуына, Қазақстандағы дәстүрлі ән мектептерін бір арнада тоғысуына себеп болды. 
Облыс әкімі Қ.Көшербаев қазақ ән өнерінде сырнай дәстүрін қалыптастырушы, әнші-композитор, замана бұлбұлы Нартай Бекежановтың 125-жылдығымен құттықтап, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.
- Халқы қадірлеген Нартайдың өнері сан ұрпақ сусындап, жас өнерпаздар табына бас иетін кәусар бұлақ тәрізді. Биыл сол құдіретті өнердің иесі Нартай Бекежановтың 125 жылдық мерейтойы. Тәуелсіз елдің жаңа ұрпағы Нартай мұрасына мүлде тың тұрғыдан келіп, оның келешек өрісіне соны серпін беретініне біз кәміл сенеміз, - деді облыс әкімі.
Өнер додасына еліміздің әр өңірінен 22 үміткер қатысты. Олар байқау барысында Н.Бекежановтың шығармашылығынан бір ән және өз өңірінің дәстүрлі ән мектебінің бір әнін орындады. Байқауға Рамазан Тайманов, Шахмардан Әбілов, Алмас Алматов, Қажыбек Бекбосынов сынды дәстүрлі ән-жыр майталмандары қазылық етті. Конкурс қорытындысы бойынша Нартай жыр мектебінің ізін жалғастырушы Қызылордалық Мұхамедәлі Бекпейісов Бас жүлдені қанжығасына байлады. Ал атыраулық Ақмарал Ноғайбаева -1 орын, астаналық Зульфия Баймырзаева – 2 орын, қарағандылық Дәуренбек Аркенов 3 орынды иемденді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: