Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Ұлы даланың ұлы өркениеттері

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өнер бөлімінде «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты кітап көрмесі дайындалды. Көрмеге дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын айқындайтын қолөнерге қатысты әдебиеттер қойылды.
Ұлы дала төсінде салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Сондықтан да көрмеде сәндік-қолданбалы өнер, атап айтқанда асыл тастар, сүйек, жүн, ағаш, қыш, металдар, былғары, құрал-сайман, үй жиһазы және әшекей бұйымдарды өңдеу, жасау жолдары мен түрлері жайында жазылған қордағы әдебиеттер орын алды.
Көрмемен танысқан оқырман қауымға қолөнер бұйымдары қазақ халқының мәдени жетістіктерінің негізгі бөлігі екендігі түсіндірілді.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: