Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Алаш ардақтыларының мерейтойлары өткізіледі

 Алаш ардақтыларының мерейтойлары өткізіледіҮстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде Қазалы топырағында Бекарыстан бидің 250, Ақтан батырдың 245 жылдық мерейтойлары атап өтіледі. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметі таратқан хабарламада "Сіздерді Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 30-қыркүйек күні Қазалыда өткізілетін Бекарыстан би Амалдықұлының 250 және Ақтан батыр Ақайұлының 245 жылдық мерейтойларына шақырамыз" делінген. 
Бұл күні Бекарыстан би ауылында мектеп жанынан құрылған қоғамдық мұражай мен Ақтан батыр ауылынан мешіт ашылады. Және аудан орталығында салтанатты жиын өткізіледі. Бабаларға арнап ас беріледі. Ат бәйгесі, жыраулар фестивалі, ақындар айтысы, гүлдер жәрмеңкесі, ғылыми конференция, гала-концерт болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: