Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Сыр елінде "Отан – Ана" атты ІІІ республикалық әншілер конкурсы өтеді

Әнші, композитор, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Батырхан Шүкеновтің 60 жылдығына орай туған жері Сыр топырағында әншінің сахнадағы сәулелі сәттерін еске алу мақсатында  "Отан – Ана" атты ІІІ Республикалық әншілер конкурсы өтеді. 


Саксафонмен сызылтып салған сазы талай жүректерді тербеген сырбаз сазгердің 60 жылдығына арналған конкурс екі кезеңнен тұратындығын хабарлаймыз.
Барлық қызылордалықтар мен қала қонақтарын 17-18 мамыр аралығында облыс орталығы Қызылорда қаласында Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында өтетін конкурсты және 18 мамыр күні қалалық орталық алаңда өтетін гала – концертті тамашалауға шақырамыз!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: