Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Грузияда әріптестік меморандумына қол қойылды

Грузияда әріптестік меморандумына қол қойылдыҚызылорда облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Е.Әбдірахманов пен Қызылорда облыстық филармониясының директоры Т.Мақашов іссапармен Грузияда болды, деп хабарлайды Сейхун-инфо. 
Онда Грузия мемлекеттік филармониясының бас директоры Г.Багашвилимен және мәдениет саласының корифейі, «Иверия» ансамблінің көркемдік жетекшісі, Грузияның Халық әртісі Джемаль Багашвилимен кездесті.
Кездесудің мақсаты негізі екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайту, достық пен өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту болды. Кездесу барысында біріккен концерттер ұйымдастыру, режиссерлар, хореографтар, дирижерлар, вокалистер, т.б. өнер жанрлары бойынша тәжірибелі мамандар шақырып, шеберлік дәрістер өткізу, сонымен қатар театрлар мен музейлердің өзара тәжірибе алмасу жұмыстары бойынша екіжақты Меморандумға қол қойылды.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: