Қызылорда қаласында еңбегімен еленген 200 мұғалім Қызылорда қаласының 200 жылдық мерекелік медалімен марапатталды. Қала әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты шарада Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Ұстаздар қауымын құттықтап, "Мерейтойлық медальді" табыстады.
Шаһар басшысы Нұрлыбек Машбекұлы өз кезегінде білім саласындағы жетістіктердің жыл сайын жоғарылап келе жатқанын атап өтіп, биылғы жылы қаланың білім саласын қамтамасыз етуге 21 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтті.
- Жыл сайын қала бюджетінің 45-50 пайызын білім саласына бағытталып келеді. Нәтижесінде қаладағы 3 пен 6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді балабақшамен қамту көрсеткіші 100 пайызға орындалды. Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу бағдарламасы бойынша қаладағы барлық мектептер 100 пайызға қамтылды. Ұстаздарға құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау біздің парызымыз. Қызылорданың биылғы 200 жылдығында ең көп медаль алып жатқан осы білім саласының мамандары. Себебі Сіздер барлық марапатқа лайықсыздар, - деді Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібаев.
Құрмет көргендер қатарында облыстық білім басқармасы, қалалық білім бөлімі мамандары, ардагер ұстаздар және белсенді білікті мұғалімдер бар.