Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Әнші Серік Ибрагимовтің екінші сәбиі дүниеге келді

Қазақстандық шоу-бизнестің жарық жұлдызы Серік Ибрагимовтің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Әншінің жанұясы тағы бір перзентпен толықты. Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған деп жазады KAZ.NUR.KZ
Бақыттан басы айналған әке бұл қуанышты хабарымен бірден Instagram желісінде бөліскен. Эстрада жұлдызы қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, қызды болғанын ресми түрде жария етті. 
"Аллаға шүкір! Сүйінші, ағайын! Алланың қалауымен келіншегім қыз босанды! Хамза қарындасты болды. Аллаға мың шүкір! Ата-аналарыма, жақындарыма, дос-бауырларыма көп рақмет. Қабырғама мың алғыс. Баршаңызға жұғысты болсын, жақындарым" , - деп жазды Ибрагимов.
Өнер иесі қызы мен жарын перзентханадан шығарып алып үлгерген. Карантин салдарынан бұл шараны ауқымды өткізе алмаса да жұлдызды әке жарын гүл шоқтарымен көмкеріп, оған кішігірім концерт ұйымдастырған. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: