Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАЛЫДА ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛЬДЕР КОНЦЕРТІ ӨТТІ

ҚАЗАЛЫДА ОТБАСЫЛЫҚ АНСАМБЛЬДЕР КОНЦЕРТІ ӨТТІ

 

Қазақстанда отбасы күнін мерекелеу аясында аудандық мәдениет Орталығының ұйымдастыруымен аудандағы өнерлі отбасылар мен отбасылық ансамбльдердің мерекелік концерті ұсынылды. 
Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді. Болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырамайтын басты тірегі - отбасы екендігі және үлгілі отбасылар осы шарада кеңінен насихатталды. 
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жүсіпов Толыбай мерекелік құттықтауын жеткізіп, қазақстандық отбасылардың берік және мықты болуына тілек білдірді. 
Әуезовтер жанұялық халық ансамблі, Әбуовтер, Ілиясовтар, Ізеевтер жанұялық ансамбльдері және Қарамановтар, Тәңірбергеновтер отбасы өнер көрсетіп, халыққа жоғары көңіл-күй сыйлады. Отбасы беделін арттыру, неке және отбасы құндылықтарын жанғыртуға бағытталған мәдени шара жоғары дәрежеде өткізіліп, көпшіліктің көңілінен шықты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: