Үстіміздегі жылдың 24 сәуірі күні Арал қаласында Қазалы ауданының мәдениеті мен өнер күндері өткізіледі. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Сол күні Арал қаласындағы Тәуелсіздік алаңы маңында Қазалы ауданы ауылшаруашылығы жәрмеңкесі болады. Арал аудандық мәдениет үйінде сағат 16.30-да Қазалы ауданының азық-түлік өнімдері және қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылады. Одан кейін 17.00-де Қазалы ауданы ақындарының шығармашылық кеші болса, 20.00-де Арал қаласының орталық алаңында гала-концерт көпшілік назарына ұсынылады.
Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын наурыз айының соңына таман Қазалыда Арал ауданының мәдениеті мен өнер күндері өткізілген еді.