Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Абыз даланың аңыздары: Қызыққа толы Қиын Керіш (6 сурет)

Өзгенің таңғажайып әлеміне бекер таңғалып жүрміз. Әйтпесе біздің байтақ өлкеде не жоқ дейсің? Табиғат тамашасын ешбір қиналмай-ақ тауып алатының ақиқат. Осындай ғажайыпқа толы өңірдің қатарына еліміздің шығыс аймағы жатқызылады. Негізінен, таулы аймақ болып табылатын Шығыс Қазақстан жерінде сондай керемет жерлер баршылық. Солардың бірі – Қиын Керіш деп аталатын аумақ. Ерекше шатқал облыстың Күршім ауданының аумағында орын тепкен. Ел ерекше қарайтын шатқалдың жалпы аумағы 300 гектарды маңайлайды.

Абыз даланың аңыздары: Қызыққа толы Қиын Керіш (6 сурет)

Әрине, күнде көзбен көріп жүргеннен кейін бе, жер­гілікті жұрт бұл араны оншалықты қызықтай бер­мейді. Тіпті оған қарапайым табиғат көрінісі ретінде қарай­тын кісілер де кездеседі. Дегенмен аталмыш аймақтың қайталанбас көрінісі алыс-жақыннан жеткен жиһанкез жандардың таңданысын тудырады. Сондық­тан осы маңға ат шалдырып кеткен ғалымдар мен натуралистер өздері көрген және зерттеген дүниелерді ара-тұра баспасөз беттерінде жариялап қояды. Қиын Керішке алып баратын Қарабүйрек шоқысы да қызыл түске боялып тұрады. Ғалымдар оның себебін былайша түсіндіріп береді: Олардың айтуынша, бұл жердің топырағының қызыл болуын балқып жатқан адырлар деп те атайды. Қарабүйрек шоқысы алыстан менмұндалаған сәттен бастап түрлі-түсті кейіпке енген сағымды аңғарасың. Оған жақындай түскен сәттен бастап адырлар көзге айқын көріне бастайды. Көз алдыңда жалт-жұлт күйге түскен ұшқындар көзіңді арбай түсетіні тағы бар. Осы сәтте көңіл күйің өзгеше сезімге бөленіп жүргендей көрінеді. Жалындап тұрған адырларға аспан әлеміндегі жұлдыздар топырлап жауып кеткендей болады. Сонда торға түскен балық секілді тыпырлап, шамалы сәттен кейін көз қарықтырар сәулесін шашып, аспанға ұшып жатқандай көрінеді. Бір сөзбен айтқанда, оны тап бір жатғаламшарлық пей­заж деп санасаң да артық болмас. Осындай түрлі құ­бы­лысқа бөленіп жатқан жерді аралай түскен сәтте өзіңді бей­небір басқа әлемге кіріп кеткендей, түс көріп жат­қан­дай немесе ертегі көргендей сезінетінің айдан анық. 

Осындай сырларға қаныққысы келген қаламгер Борис Щербаков «Қиын Керішке келген сайын ондағы әр­бір жота мен адырлар әр қырынан көрінеді» дейді ағы­нан жарылып. «Бұл керіштер қайдан пайда болды?» де­ген сауалға ғалымдар өз жауабын іздеді. Олардың зерт­теуіне сүйенсек, Зайсан көлі маңындағы аталмыш ке­ріш­тер шөгінді жыныстар нәтижесінде пайда болған. «Бұл аймақ миллиондаған жылдар бойы теңіз бен көл­дің түбінде жатқан» деген де әңгімелер айтылады. Со­ның нәтижесінде әртүрлі химиялық құрамдағы қат­пар­лар шөге бергені анық. Жалпы алғанда, Қиын Ке­ріш есте жоқ ескі кезеңдерден осы заманға дейін қаз-қал­пын­­да жеткен табиғи мұра екені даусыз. Осы жерге кел­ген саяхатшылар, ғалымдар үшінші мыңжылдық деп ата­­ған дәуірге еніп кеткендей күй кешетінін жасыр­май­ды. Ол шамамен 60 млн жылдай бұрынғы уақытты қам­ти­ды. 
Мұндай қайталанбас кереметті Еуропа елдеріндегі жұртшылық өте жоғары баға­лайтыны белгілі. Ол жақтарда осындай аймақтар мемлекеттің қорғауына әлдеқа­шан алынар еді. Сол арқылы алыс-жақындағы ағайынды қонаққа шақырып, осы арқылы келген жиһанкездерден мыс-мыс ақша тауып қалады. Өкінішке қарай, бізде ондай қамқорлық сезіле бермейді. Қиын Керіш аумағы аялы алақанды күтіп отырғанына қаншама уақыт өтті. Қайсыбір жылдары бұл жерге Голландия елінен табиғатты қорғау департаментінің нату­ралистері келген болатын. Олар қазақ жеріндегі осы бір сан құбылған аймақтың ғажайып көрінісіне таңдай қақты. Бұл таңданысын жасырмай, оны бас бармақ­пен бағалап кетті. Қияндағы голландықтар естіп, арнайы ат басын бұрған Қиын Керіш­ті өз еліміздің өзге өңірлеріндегі бауырлар түгіл, іргеде тұрған жұрттың өзі аз білуі ғажап емес. Өйткені кейде жолау­шылап барған адамға Қиын Керіштің қай­да екенін анықтап айтып беретін адамдар да кездесіп қалады. Оны туған жер тарихын танып-білу­дегі олқы соққан тұстың бірі деп айта­мыз.

Абыз даланың аңыздары: Қызыққа толы Қиын Керіш (6 сурет)

Ғалымдар Қарабүйрек шоқысының жа­нар­­тау­дың атқылауы салдарынан тасы мен топырағымен қоса отқа оранып кеткенін айтады. Сондықтан бұл ара қып-қызыл күйге бөленіп жатады. Сол жанар­тау базбір кезеңде Қиын Керіштің қазіргі бет-бейне­сін жасап кеткен де болуы әбден мүмкін. 
Соңғы жылдарда оған келушілер қата­ры көбейе бастаған. Дегенмен жергілікті жұрт оған әбден үйреніп кеткен секілді. Болмаса ғалымдар мен қаламгерлер ол жайында көбірек қалам тербер еді ғой. Біз әлі ертең жазармыз деп жүргенде сырттың кейбір қаламгерлері бұл жөнінде шығарма жазуға ниеттеніп жүрген көрінеді. Мәсе­лен, палентолог-жазушы И.А.Ефремов осы тақырып негізінде қалам тербеу мақ­са­тында Қиын Керішке арнайы келіп те ке­тіп­ті. 

Абыз даланың аңыздары: Қызыққа толы Қиын Керіш (6 сурет)

Ақиқатын айтқанда, Қиын Керіштің жұмбағы әлі шешіліп біткен жоқ. Оған қан­шалықты маңыз беріп келеміз? Қаламгер­лер бұл жерді көргенде талай фантасти­калық шығарманы өмірге алып келер еді-ау.

Абыз даланың аңыздары: Қызыққа толы Қиын Керіш (6 сурет)

Абыз даланың аңыздары: Қызыққа толы Қиын Керіш (6 сурет)

 


 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: