Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің өнер ұжымы сезімге толы «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» шығармасын сахналады.
Жалындаған жастық пен алаулаған махаббат, сұлулық пен нәзіктік, сүйіспеншілік пен адамгершілік, сенім мен сезім тақырыптарынан сыр қозғап, адамдық пен адалдықты сөз етер, сертке берік екі жастың арасындағы ғашықтық жырларын шертер Ғабит Мүсіреповтың лиро- эпостық шығармасын режиссер Р.Бақтыбаев қойды. 4 перделі, 7 суретті трагедия көркемдігімен, әсемдігімен көрермен көңілінен шыға білді. Сараң да қатыгез Қарабайды да, қаскөй Жантықты та, арамза Қодарды да, қос ғашық Қозы менен Баянды да, аналар Мақпал мен Күнікейді шебер сомдаған өнерпаздар халықтың жылы ілтипатына бөленді.