Жалағаш аудандық Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер мен аяулы аруларымыздың, ардақты да асыл аналарымыздың құрметіне арналып мерекелік шара болып өтті.
Шара барысында аудан әкімі Талғат Дүйсебаев құттықтау тілегін білдіріп, бірқатар нәзік жандыларды алғыс хаттармен марапаттады. Шара соңы аудан өнерпаздарының теміржол вокзалындағы оқиға негізделген қойылым мерекелік концертіне ұласты.