Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЗУШЫ ҚУАНДЫҚ ТҮМЕНБАЙ ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАЗУШЫ ҚУАНДЫҚ ТҮМЕНБАЙ ОҚЫРМАНДАРМЕН КЕЗДЕСТІЖазушы, журналист-публицист, халықаралық «Алаш» және «Сорос-Қазақстан» сыйлықтарының иегері, жиырмадан астам кітаптың авторы Қуандық Түменбай туған жері – Шиелі өңірінде оқырмандарымен шығармашылық кездесулер өткізді.
Биыл ғана алты томдық жинағы жарық көрген, жуырда ғана алпыс жасқа толған жазушы талай жыл республикалық «Лениншіл жас» газетінде еңбек етті. Мәдениет және ақпарат министрлігінде жемісті қызмет атқарды. Бүгінде «Үркер» журналын шығарып келеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шығармашылық кеш барысында аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев мерейтой иесін құттықтап, иығына шапан жауып, ат мінгізді. Яссауи атындағы халықаралық университет оқытушысы, қаламгердің досы, профессор Сейдолла Садықов, мектептегі ұстазы Пернеш Жүсіпова жазушыға шығармашылық табыс тілесе, өзі оқыған №149 мектеп оқушылары жыр жолдарымен сәлем жолдады.
Өнерпаздар көрермендерге көңілді ән, күй сыйлады. Мерейтой иесі ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: