Ақтөбе қаласында «Заман біздікі» интеллектуалды элиталар одағының ұйымдастыруымен «Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» жоспарын кеңінен насиxаттауға, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің тариxи маңыздылығын ашуға негізделген «ЖАҢА БУЫН – 2015» атты республикалық ашық пікір сайыс турнирі өтті.
Турнирге Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 53 фракция қатысты. Пікір сайыс турниріне қатысушылар «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін тойлаудың тиімді механизмін ұсынады», «Кейнстің экономикалық теориясы Смиттің теориясына қарағанда маңыздырақ деп есептейді», «Бір оқу орнында екі не одан да көп пікірсайыс клубының болуы, пікірсайыс қозғалысын дамытпайды деп есептейді», «Тарих пәнін Қазақ хандығы құрылған кезден бастап оқыту керек деп есептейді», «ГМО (Генетикалық Модификацияланған Организмдер) әлемдік азық-түлік проблемасын шешеді деп есептейді», «БҰҰ-ның штаб пәтерін Азияда орналастыру дұрыс деп есептейді», «БҰО (НЛО) бар деп есептейді», «Барлық ЖОО мемлекеттік болуы керек деп есептейді», «Тариxты білу патриоттықтың көрінісі деп есептейді» қарарлары бойынша американдық парламенттік форматта керемет кейс құрып, ерекше ойын өрнегін көрсетті.
Аталмыш турнирге Қазалы ауданы бойынша «Жас Орда» жастар қоғамдық бірлестігі жанынан құрылған «Триумф» зияткерлік пікір сайыс клубының үздік спикерлері Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің студенті Орналиев Нұрсұлтан мен Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның 10 сынып оқушысы Нұрғали Ғазиз қатысып, жүлделі 2 орынды иеленіп қайтты.