Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАР АҚШ-ТЫҢ ӘН ТОБЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖАСТАР АҚШ-ТЫҢ ӘН ТОБЫМЕН КЕЗДЕСТІАҚШ Бас консулы Марк Муди мырза мен облыс әкімі Қ.Көшербаевтың достық кездесуінің жалғасы ретінде кітапханада американдық «The Еxchange» тобы жастармен және кітапхана жанынан құрылған «АСК Kyzylorda» сұхбат клубының мүшелерімен кездесу ұйымдастырды. 
Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және екі ел арасындағы дипломатиялық қарым қатынастың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды. 
2012 жылы құрылған «The Еxchange» топ мүшелері: Аарон Спербер, Альфредо Остин, Кристофер Диаз, Джампл Мури және Ричард Штейгнер рок, госпел стиль, ритм-энд-блюз, хип-хоп және түрлі жанрда өнер көрсетіп келеді. Кездесу барысында клуб мүшелері мен жастар сұрақ-жауап алмасып отырды. Топ мүшелері өздерінің белгілі шығармаларын орындады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: