Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

МӘДИНА ЕРАЛИЕВА КОНЦЕРТ БЕРДІ

 МӘДИНА ЕРАЛИЕВА КОНЦЕРТ БЕРДІ

 

Сыр елінің ару қызы, Қазақтың Ақбаяны Мадина Ералиеваның өнерін Бесарық ауылының кішкентай өнерпазы Мадина Ералиеваның бойына дарытқанына "тәуба" дейсің. 
Сенбінің кешінде ауылымыздың ажарына ажар қосқан Бесарық бекетіндегі клуб үйінің сахнасы жас әнші ,"Айгөлек" телевизиялық балалар ән-би байқауының жеңімпазы, Астанада өткен "Ақ көгершін" халықаралық балалар байқауының 1 орын жүлдегері Мадина Ералиеваның назды үніне тұнды. Өз туған жеріне екінші рет жеке ән кешін беріп отырған Мадинаға ауыл қариялары батасын беріп, өнердегі жетекшісі Жәнібек Сыздықовтың еңбегіне жеміс тіледі. Кеште Қыркеңселік "Дарын" тобы қонақта болып, қарындастарына тілек білдірді.Мадинаның орындауындағы Шәмші әндеріне би билеген көрермендер алдағы уақытта да осындай игі шаралар көптеп болса екен деген ізгі ниеттерін білдірді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: