Сырдария ауданында бірқатар кітапханалар өркениет көшіне ілесіп, жаңа үлгідегі ауыл кітапханасы деген мәртебеге ие болып жатыр. Бұл ауданнан шалғай жатқан ауылдардың оқырмандары ғаламтор желісіне қосылған электронды қызметті кеңінен пайдалана бастады.
Жаңа үлгідегі ауыл кітапханасы Елбасы тапсырмасына сәйкес 2005-2006 жылдардан бастап енгізіле бастады. Ауданда 2011 жылы А.Тоқмағамбетов ауылдық кітапханасы, одан кейін Н.Ілиясов ауылдық кітапханасы, 2012 жылы Шіркейлі ауылдық кітапханасы осындай озық жүйеге көшті. Биылдан бастап Қалжан ахун ауылдық кітапханасы, жақында Ақжарма және Шаған ауылдық кітапханалары жаңа үлгідегі ауылдық кітапхана мәртебесіне ие болды.