Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ УКРАИНАЛЫҚ "X-ФАКТОР" БАЙҚАУЫНДА ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫН ТӘНТІ ЕТТІ (ВИДЕО)

ҚАЗАҚ ЖІГІТІ УКРАИНАЛЫҚ "X-ФАКТОР" БАЙҚАУЫНДА ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫН ТӘНТІ ЕТТІ (ВИДЕО)

 

Украинада "Х-фактор" байқауының 7-ші маусымы басталды. Оған алматылық Нұрболат Базарбаев та қатысып, байқаудың алғашқы екі кезеңінен сәтті өтті деп хабарлайды NUR.KZ.
Ол екінші кезеңде "Аллилуйя" әнін рояльмен сүйемелдей отырып орындап шықты. Қазылар алқасының құрамында Константин Меладзе, Юлия Санина, «Агонь» тобының солисті Антон Савлепов (Quest Pistols Show бұрынғы жетекшісі) және Андрей Данилко болған. Олардың үшеуі Нұрболатқа оңды жауап берсе, бірі оның байқауды одан ары жалғастыруына қарсы болды. Осылайша, ол үш адамның қолдауына ие болып, келесі кезеңге өтті.
Айта кетерлік жайт, жігіт ата-анасынан ерте айрылған. Осы уақытқа дейін ол өз күшіне ғана сеніп келген. Оның айтуынша, оның бойындағы музыкалық қабілет анасынан дарыпты.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: