Қызылорда қаласындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде "Славяне" қоғамдық-мәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен "Достықта шекара жоқ" шарасы болып өтті.
Шарада "Славяне" қоғамдық-мәдени бірлестігінің көркемөнерпаздарымен бірге Ақтөбе қаласынан келген "Каляда" фольклорлық ансамблі, татар, неміс этномәдени бірлестіктердің өнерпаздары және М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің "Нұргүл" ансамблі өнер көрсетті.