Сан ғасырларды көктей өтіп, бүгінгі күнге дейін тарихи маңызын, көркемдік құндылығын жоғалтпаған асыл мұрамыз – жыр үлгілері қазіргі қазақ әдебиетінің алтын қоры.
Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуұлы осынау халық мұрасынан нәр алған, соның інжу-маржандарын жастайынан жанына балап, жаттап өскен ақындарымыздың бірі. Ел аралаған өсиеттері мен көңілге қонымды ойлары жұрт жадында. Ол - дүлдүл жыршы ретінде халыққа кеңінен танылды.
Тұрмағамбет Ізтілеуұлының дастан, хикаяларының өн бойынан шығыс шайырларының жырлап өткен ізгілік, білім, ғылым атаулыға ұмтылу идеясы самал желдей есіп, жаныңа нұр құяды.
Жыраулар көшінің алдыңғы шебінде тұрған Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығы жайлы тағы не білеміз? Толығырақ кезекті бағдарламада.