Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

АРАЛДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ДӘРІПТЕЛДІ

АРАЛДА ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР ДӘРІПТЕЛДІАрал ауданда қазақ ұлттық асханасының ұмыт қалған және заманауиландырылған тағамдарының, «Нео - фольклор» киімдер дизайнерлерінің аудандық конкурсы өтті.
Бұл шара Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының жоспарына сәйкес және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ арасындағы өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумды іске асыру аясында ұйымдастырылды.
ЭКСПО-2017 – мемлекетіміздің мығымдығын, еліміздің еңселілігін, ойымыздың тереңдігін, халқымыздың қонақжайлығын, ұлтымыздың ұлылығын көрсететін дүниежүзілік көрме. Көрмеге Қосаман ауылынан Шораева Гүлайна, Шижаға ауылынан Сағынғанова Гүлбақыт, Құмбазар ауылынан Досмамбетова Гүлшат, Сапақ ауылынан Жұмамұратова Рыскүл, Аралқұм елді мекенінен Аймұратова Айсәуле, Батаманова Ләйла, Қарақұм елді мекенінен Мырзабаева Гүлшарат қатысып, ұлттық тағамдар мен ұлттық сусындар және ұлттық нақыштағы киімдер әкеліп қатысты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: