Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ БОЛЫП ӨТТІ

ЖАС АҚЫНДАР МҮШӘЙРАСЫ БОЛЫП ӨТТІЖалағаш ауданы Мырзабай ахун ауылдық округінде ақын, жазушы Темірше Сарыбайұлын еске алуға арналған «Сырдан ұшқан Сұңқар» атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті.
Ақын Темірше Сарыбайұлы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Мырзабай ахун ауылында 1941 жылы дүниеге келген. Қызылорда педагогика институтын бітіріп, еңбек жолын Бұқарбай батыр ауылында мұғалім болудан бастаған. Жалағаш аудандық «Жаңадария», Сырдария аудандық «Сырдария» газеттерінде бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. Қызылорда облыстық сырттай оқу мектебінде методист, Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор, «Балдырған» журналында бөлім редакторы, «Маматай» баспасында редактор қызметтерін атқарған.
Республикалық жыр-мүшәйралардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Ж.Жабаевтың 150 жылдық, Б.Момышұлының 90 жылдық мерейтойларының бірінші жүлдегері.
Еске алу шарасында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов сөз сөйлеп, ақынның өмір жолы мен еңбектері жөнінде айтып өтті.
Еске алу шарасы аудандағы мектептерден қатысқан жастардың «Сырдан ұшқан Сұңқар» атты жас ақындар мүшәйрасына ұласып, мүшайраға қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: