Басы дауға қалған Ернар Айдар алғаш рет көпшіліктен жасырған жарын көрсетті
Әртіс каминг-аут жасады. Бірнеше жыл бойы өзінің заңды жарын жасырып келген Ернар Айдар оны көпшілікке таныстырды, деп жазады 365info.kz.
Шоу-бизнес жұлдызы бұдан былай өзінің жеке өмірін жасырмаймын деп шешті. Ол ұзақ уақыт бойы үйленгенін айтпай келген. Бірақ хит әндердің орындаушысы 2016 жылы бойдақтығымен қош айтысқан.
Ернар өзінің жарына деген ыстық сезімін паш етіп, тойда түсірілген кадрлармен бөлісті.
«Жақсы көрем дәл осындай қалпыңмен», — деген өлең жолдарынан басталған пікір қалдырды.
Әртістің тыңдармандары оның жарының қараса көз тоймайтын сұлу екенін, Ернардың жолы болғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, Ернар жалған ұтыс ойынын ұйымдастыруға қатысып, басы дауға қалған еді. Жалға алынған пәтер мен көліктерді ұтыс ойынына тіккен байқаудан кейін ол қамауға алынып, көп ұзамай босап шықты. Осы іс бойынша тергеу жұмыстары қазірге дейін жүргізілуде. Зардап шеккендерді тыныштандыру үшін, әнші оларды соттың шешімін күтуге шақырды.