Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылордалық қолөнерші ұлттық нақышта автотыс тігуді қолға алған (ФОТО)

Қызылордалық қолөнерші ұлттық нақышта автотыс тігуді қолға алған (ФОТО)

 

Қызылордада қолөнерді кәсібі еткен тігінші Алмагүл Бодан ұлттық өнерді насихаттауға өз үлесін қосып, оюлы автотыс тігуді қолға алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
 Қазір бухгалтер мамандығын меңгерген Алмагүл Боданның өнеріне тәнті жігіттер көп. Тіпті, оның іш пысқанда іс тігетін ермегі қазір қомақты табыстың көзіне айналған тәрізді. Оның қолынан туған ұлттық нақыштағы оюлы автотыстарға деген сұраныс аймақ асып, республикаға тарады. 
Шағын ғана Ақарық ауылынан келген Алмагүл қазірде облыс орталығына көшіп, қалалық ЖШС-лардың бірінде бухгалтер болып жұмыс істейді. Жұмыстан артылған уақытын сүйікті ісі – қолөнерге арнайды екен. 
«Қолөнердің барлық түрін жаным сүйеді, - дейді Алмагүл. – Мектепте оқып жүргенде-ақ ән айтып, би билеп, тоқымамен, тігіншілікпен айналысатынмын. Тіпті, көрпе-жастық көктей алам. Сурет салғанды жақсы көрем, бала кезімде суретші болсам екен деп армандайтынмын. Алайда болашақ ақпараттық технологияда екеніне көзім жетіп, программистікке оқуға түстім. Бірақ қолөнерден де қол үзген емеспін». 
Әсіресе, шебердің қолынан шыққан автотыстарға деген сұраныста шек жоқ. Жұмсақ, ыңғайлы, қазақы оюлармен әрленген көрпешелер кез келген автожүргізушінің көңілінен шығары анық. Тіпті, кейбірі мұндай шебер туындының үстіне отыру ыңғайсыз деп санайды. 
«Оны тігуді ешкім маған үйреткен жоқ, - дейді қолөнерші. – Мен өзім жалпы тігуді қатты ұнатам, біреуін тігіп көрейінші деп қолға алдым. Сөйтіп кете барды. Қазір энтостильдегі автотыс менің басты «тауарыма» айналды. Енді таза былғарыдан автотыс тігуді қолға алсам деймін. Және, мүмкіндік болып жатса, ауылдардан қой терісін сатып алып, сырмақ сыруды қолға алмақ ойым бар».
Алмагүл Бодан болашақта өз бизнесін ашып, қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарын тапсырысқа істеуді армандайды. Алайда, арманына жетуге қаржының аздығы тосқауыл болып тұр. 
«Басқа түссе, баспақшы, - дейді тігінші. – Бір білерім, жігерлі адам әркез мақсатына жетпей қоймайды».

Қызылордалық қолөнерші ұлттық нақышта автотыс тігуді қолға алған (ФОТО)

 

Қызылордалық қолөнерші ұлттық нақышта автотыс тігуді қолға алған (ФОТО)

 

Қызылордалық қолөнерші ұлттық нақышта автотыс тігуді қолға алған (ФОТО)

 

Қызылордалық қолөнерші ұлттық нақышта автотыс тігуді қолға алған (ФОТО)

 

 










Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: