ГЕРМАНИЯЛЫҚ САРАПШЫ ҚАЗАҚ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ШЕБЕРЛІГІНЕ ТАҢҒАЛДЫ
Германия елінен келген сарапшы Рената Лубергер іскер әйелдер форумында ұйымдастырылған көрмені аралап, өзінің таңғалысын жасырмады.
"Қазақстанға, оның ішінде Қазалы ауданына келгеніне өте қуаныштымын. Алған әсерімді айтып жеткізе алмаймын. Кәсіп жасауға деген құлшыныстарыңыз ерекше екен. Әсіресе, қазақ әйелдері неткен шебер, жасаған дүниелері көздің жауын алады" деді ол.
Айта кетейік, Р.Лубергер Қазалы ауданына жеке кәсіпкердің қонақ үй қызметін дамыту мақсатында келген болатын.