Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ


Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жас Отан» ЖҚ облыстық филиалының ұйымдастыруымен №8 балалар үйі-интернатында «Бала өмір шуағы» атты акция өтті.
Акция барысында «Жас Отан» ЖҚ Қызылорда қалалық филиал жетекшісі балаларды Қызылорда қаласының 200 жылдығымен құттықтады.
– Балалық шақ – әрбір адам үшін өте тамаша кезең. Болашағын ойлаған әрбір қоғам бар жақсылықты алдымен елдің ертеңі жас ұрпаққа жасайды. Бұл орайда, Тәуелсіз Отанымыз өз алдына отау тігіп шаңырақ көтерген алғашқы күндерінен бастап талай-талай ізгі ниетті қадамдар жасап келеді. Демек, жас ұрпақтың келешегі кемел – деді Бексұлтан Өткелбаев. Шарада балаларға концерт қойылып, түрлі тренингтер өткізілді. Ерікті жастар бүлдіршіндермен бірге би-билеп, ән шырқады. Акция соңында достық, жақсылық және бейбітшіліктің белгісі ретінде балалардың сүйікті әні «Әрқашан күн сөнбесін» шырқалды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: