Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Отбасы күнінде жас аналарға сыйлық берілді

Отбасы күнінде жас аналарға сыйлық берілдіОтбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық аясында аудан көлемінде бірқатар шаралар өткізілуде.
Атап айтқанда кент орталығында орналасқан «Жігер» спорттық-сауықтыру кешенінде «Қара шаңырақ» тәрбиелік кино фильмінің ұжымдық көрсетілімі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия мүшелерінің қатысуымен мереке қарсаңында дүниеге келген нәрестелердің аналарын аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов және «Нұр Отан » партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаевалар бастаған топ салтанатты түрде құттықтап, бала күтіміне қажетті сыйлықтар табыс етілді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: