Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Сыр елінің тумасы, 19 жыл Қазақ КСР Ішкі Істер министрінің бірінші орынбасары болған тұңғыш генерал Нұрылла Алмағамбетовтің құрметіне арналған кеш болып өтті.
Кешке Ішкі істер органдарының ардагерлері, қоғам қайраткерлері, ОІІД басшылығы, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты. Аталмыш шарада Н.Алмағамбетовтің төл туындысы – «Елім деп соққан жүрек» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып, бірнеше тиражда басылып шыққан еңбектер кітапхана қорына ресми түрде табысталды. Кеште милиция генерал-майоры болған өр тұлғалы азаматтың көзін көрген замандастарының естеліктері тыңдалып, жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды.