Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШОҚАЙТАНУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ШОҚАЙТАНУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығы ашылды, - деп хабарлады университеттің баспасөз қызметінен. 
Жаңа орталықтың құрылуына «Мұстафа Шоқай – Алаштың алып тұлғасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда қабылданған ұсынымдар негіз болған. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың тапсырмасымен Мұстафа Шоқайдың шығармашылығын зерттеу, тың деректерді ғылыми айналымға ендіру үшін осы орталық ашылып отыр.
Орталықтың ашылу салтанатында алғашқы сөзді Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов сөйлеп, жаңа орталық оқу орнында білім алушылардың рухани патриоттық сезімінің нығаюы жолында маңызды екендігіне тоқталды. «Мұстафа Шоқайтану» ғылыми-зерттеу орталығында көрнекті қайраткердің суреттері, жазған еңбектері көрмеге қойылған. Сондай-ақ жаңадан ашылған арнайы орталықта Мұстафа Шоқайдың бюсті орналасқан.
Шара барысында Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың төрағасы Базарбай Асанбайұлы Атабаев Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайды зерттеудегі еңбегі үшін Қорқыт Ата атындағы Алтын медальмен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: