Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«АРЫС ЖАҒАСЫНДА» БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

«АРЫС ЖАҒАСЫНДА» БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ

 

Оңтүстік Қазақстанда Шәмші Қалдаяқов атындағы «Арыс жағасында» VII ретро-фестивалінде VII Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» Халықаралық ән байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Облыс әкімі Ж.Түймебаев қатысқан шарада аймақ басшысы жеңімпаздарды марапаттап, оларға сый-сияпат жасады. VII Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» халықаралық ән байқауының бас жүлдесін қызылордалық Назым Сағынтай жеңіп алды. І орынға Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғаған Диана Хашимжанова ие болса, ІІ орын алматылық Тілекбай Нағымбаев пен астаналық Еркебұлан Тұрмағамбетовке бұйырды. Ал жүлделі ІІІ орынға астаналық Жалғас Сұлтанов пен Марат Айтымбай және Лаура Айтбаевалар (Қарағанды) лайықты деп танылды.
Сондай-ақ, салтанатты шарада Облыс әкімінің арнайы жүлдесімен Қытай Халық Республикасынан келген Асылхан Дәстүр марапатталса, арнайы диплом қырғызстандық Биназира Аблаеваға табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: