Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ИРАН-ҒАЙЫП ЖИЕНІН НЕГЕ ЖАҚТЫРМАЙДЫ?

 

Біраз бұрын əнші, композитор Жанар Дұғалованың бойында ақындық қабілет барын біліп, таңданғанбыз. Əнші ақын Иран-Ғайыптың туған жиені екен. 
Ақындығы нағашысынан қанмен берілсе керек. Мұны бір бағдарламада Жанардың өзі айтты. Ағасымен мақтанып отырды. Мұны ести сала, Иранбек  ағамызға хабарластық. «Мен ол туралы айтпаймын, айтқым да келмейді» деп тұтқаны тастай салды. Таңбыз. Өйтетіндей жиені нағашысына не істеді екен? Əлде сахнадағы кейбір қылықтарын жақтырмай ма? Жанардың маса туралы өлеңіне тамсанамыз ылғи. «Ұйқы бермеген масаны өлтіргеніммен, ұйқым келмеді. Ол да ана шығар. Мен сияқты ол да сүйгенін күтіп жүрген болар. Мен қолымды қанға малдым. Сол түні маса менің түсіме енді» деп аяқталады. Тосын екені рас қой енді. Сірə, нағашысы жиеніме көз тимесін дейтін шығар. Кім білген?
Айтпақшы, Иран-Ғайып жастарға бірдеңе айтса, жаман болсын деп айтпайды.


«Ақ желкен», №6
(маусым, 2016).
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: