Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Тәуелсіз Қазақстан" залында «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты ақпараттық-танымдық сабақ жүргізілді.
Оған №4 орта мектеп оқушылары және Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызмет басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкелері қатысты.
Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Сабақ сонында облысымыздың тарихы бойынша толығырақ мағлұмат беру үшін музей залдары бойынша экскурсия жүргізілді.