Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ӨРЕНДЕР ӨНЕРІ

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ӨРЕНДЕР ӨНЕРІҚызылордадағы Достық үйінде татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен концерт болды.
Сахнада тек балалар өнер көрсеткендіктен келген көпшілік жақсы әсерге бөленді. «Анашым, ардайым бол жанымда» әні және «Сүйікті әжеме» өлеңі жүректерді қозғаса, «Ляйсан», «Сайран» би топтарының өнері көз сүйсіндірді. Одан бөлек, жас бишілер қазақ, шығыс, үнді, татар және тағы басқа билерді тамаша орындады. Жиналған жұрт көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты. 
- Барлығы жоғары деңгейде өтті. Керемет қойылым, режиссер мен хореографтың өлшеусіз еңбегі көрініп тұр. Балалар шын көңілден қуаныш сыйлай білді. Достық үйінде осындай шаралар жиі өтіп тұрса, - дейді зейнеткер Лидия Ким. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: