Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАЛАҒАШТА ЖАСТАР БАТАГӨЙЛЕР САЙЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

ЖАЛАҒАШТА ЖАСТАР БАТАГӨЙЛЕР САЙЫСЫНДА БАҚ СЫНАДЫҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "Жастар дәстүрлі құндылықтар үшін!" республикалық жастар акциясы аясында оқушылар мен студенттер арасында "Даналық сөзден дән ізде, ізгілік қалсын әр ізде" атты аудандық батагөйлер (бата беру) сайысы өткізілді.
Сайысты "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің Жалағаш аудандық бөлімшесі, "Қоғамдық келісім" КММ-сі және аудандық Оқушылар Үйі ұйымдастырып, 20 орта білім беру орындарынан 22 оқушы қатысты. Сайыс батаның 2 түрін жатқа айту және арнайы дайындалған сұрақтарға жауап беру кезеңінен құралды. Адал ниет пен жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі болған бата беру сайысына Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамының Жалағаш аудандық филиалының төрайымы Д.Мирманова, Аудандық "Иманқұл" мешітінің бас имамы А.Мәдиев, Аудандық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері М.Шөмекей қазылық етті. Ұлттық дәстүрді ұлықтап, сынға түскен сайыста қазылар шешімімен 1 орынды Аламесек ауылындағы №124 орта мектеп оқушысы А.Шәкірат иеленді. 2 орынды Аққыр ауылындағы №188 орта мектеп оқушысы Г.Қойысбай, 3 орынды Жалағаш кентіндегі Ш.Ермағанбетова атындағы №246 орта мектеп оқушысы Т.Абат иеленді. Шара соңынан қатысушылар марапатталып, жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды.
Сондай-ақ, қатысушылар үшін экскурсовод Т.Қозыбағаров музейдегі құнды жәдігерлердің тарихымен таныстырды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: