Қазалыда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, ел арасынан талантты жастарды табу мақсатында Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өткізілді.
Байқауға 16-22 жас аралығындағы 20-ға жуық талапкер қатысып, өзара бақ сынасты. Байқау шарты бойынша әрбір талапкер проза, драма, поэзиядан үзінділер, мәнерлеп өлең оқыды.
Нәтижесінде №249 мектеп-лицейдің 10-сынып оқушысы Гүлбаршын Аманкелді бас жүлдені жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды. Жүлделі орын алған жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.