Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ ТУҒАН АУЫЛЫНДА ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫ

ҚАЛТАЙ МҰХАМЕДЖАНОВТЫҢ ТУҒАН АУЫЛЫНДА ЕСКЕРТКІШ АШЫЛДЫБүгін Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстанның Халық жазушысы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың туған ауылы Сырдария ауданына қарасты Шіркейліде ескерткіш бюсті ашылды. 
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, сырдариялықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. 
- Наурыз мерекесін елдік маңызы зор, тәрбиелік мәні бар шарадан бастап отырмыз. Алаштың анасы атанған Сыр елі ұлт тарихы мен руханиятымызда ерекше орны бар талай қайраткерлер мен зиялыларды туғызған қасиетті топырақ. Сырда туып, Қазақтың Қалтайы атанған атақты драматургқа қойылған ескерткіш ауыл көркіне көрік қосып, жастардың бойында патриоттық сезім қалыптастыратыны анық. Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! Жыл басы отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Мерекеге орай орталық алаңда күрес, гір тасын көтеру сияқты спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындары үшін өнерпаздар концерт қойып, келген қонақтар киіз үйлерден дәм татты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: