Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Бейбіт Қорғанның әні Үндістандағы TikTok-та хит болды

Бір кездері хит болған "Шоқ қыздар" әнінің шоқтығы тағы да жанып тұр. Танымал әнші Бейбіт Қорғанның хит әні енді Tik Tok-та топ жарып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Араға жылдар салып қайта шыққан бұл ән қайырмасындағы "на на нэй" сөзі арқылы қазақстандықтарға жақсы таныс. Бір кездері талай тойдың хиті болған Бейбіт Қорғанның бұл әні енді Үнді елінде сұранысқа ие.
"Шоқ қыздар" әніне алдымен Muhammed Roshan есімді желі қолданушысы видео түсіріп жариялады. Кадрдан мотоциклмен жасалған трюктерді көруге болады. Санаулы уақыт ішінде видео төрт мыңнан астам лүпіл жинап үлгерді. 
Қазіргі уақытта Tik Tok-та дәл осы әнге 26 мыңнан астам видео жарияланыпты. Басым көпшілігін үндістер түсірген. Кейбіреулері әннің сөзін қайталуға тырысса, енді бірі ән ырғағына билеуге тырысады. 
Видеоны қазақстандықтар да жазып жатыр. Әншінің өзі Instagram-да тыңдаушылардың видеоларымен белсенді түрде бөлісіп отыр.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: