Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЮНЕСКО-НЫҢ МҰРАЛАР ТІЗІМІНЕ ҚОРҚЫТ АТА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЕНГІЗІЛМЕК

 

Қызылордада ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесу өтті. 
Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Әсел Өтегенова мен дүниежүзілік мәдени мұра орталығының өкілі, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра орталығының Азия-Тынық мұхиты секциясының бағдарламалық маманы Лин Роланд, сондай-ақ Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстандағы ЮНЕСКО-ның  ресми өкілдері,  облыс әкімдігінің ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары қатысты. 
Қырымбек Көшербаев өз сөзінде Қазақстан бойынша ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енген Жібек жолының Сырдария аумағындағы он алты объектінің сегізі біздің аймаққа тиесілі екендігін атап өтті. Олар – Сығанақ, Жанқала (Жент), Жанкент, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш молла, Жетіасар оазисі ескерткіші және  Баланды қонысы.
- Біздің облыста құрылған тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік
Кеңес тарихи мұраларды қорғау және пайдалану мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерінің ғылыми маңыздылығын арттыру бойынша жобаларды үйлестіреді және жүзеге асырады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне жоғарыда аталған Қызылорда облысы аумағындағы ескерткіштерді енгізу үшін 2014 жылдан бастап облыстық бюджеттен қаржы бөлінуде,- деді аймақ басшысы. 
Сараптамалық кездесуге қатысушылар әлем мәдениеті үшін Сырдария-Ферғана дәлізінің маңыздылығын талқылап, бүкіләлемдік мұралар орталығына номинациялық құжаттарды жеткізу күнін белгіледі. 
Анықтама үшін: 2016 жылы тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану жөніндегі кеңестің ұсынысымен  ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар туралы алдын ала  тізіміне қола дәуірінен бастап қазіргі заманға дейінгі ауқымды  аралықтағы хронологиялық уақытты қамтитын, әр кезеңде салынған жартас суреттері бар күрделі кешен Сауысқандық петроглифтерін енгізуді ұсынды. Сондай-ақ ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұралар тізіміне түркі әлемінің композиторы, философ Қорқыт ата шығармашылығын енгізу жұмыстары жүргізілуде. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: