Бүгін Аралға жұмыс сапарымен аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевпен бірге Қазақстанның халық артисі,Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Досқан Жолжақсынов келді.
Белгілі актер аудандық мәдениет үйіндегі «Құнанбай» фильімінің көрсетіліу рәсіміне қатысты. Ұлттық кино өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан Досқан Жолжақсынов «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Ақ барыстың ұрпағы», «Алтын күз» фильмдері арқылы аралдықтарға етене таныс актер. Ал «Құнанбай» фильмі қазақтың данышпан, даналарын танытатын фильмдердің бастамасы.
Арал жұртымен арнайы жүздесуге келген актер Досқан Жолжақсынов пен аталмыш фильмдегі Ұлжан ролін сомдаған актриса Қаракөз Сүлейменоваға аудан әкімі Абзал Сансызбайұлы құрмет көрсетіп, шапан жапты. Аралдықтар да тамырлы тарихтан сыр шертетін фильмнен ерекеше әсер алды.
Сондай-ақ қонақтар әрі қарай «Атамекен» балық зауыты мен «Ә. Нұрпейісовтің әдебиет үйінің» жұмысымен танысты.