ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ЖАСТАР ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕДІ
Бүгін Қызылорда қаласы Достық үйінде Қазақстан халқы Қызылорда облыстық хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ қалалық бөлімінің ұйымдастыруымен жоғары және арнауылы оқу орындары арасында «Наурыз мереке – Наурыз береке» тақырыбында байқау өтті.
Байқауға жоғары және арнауылы оқу орындарынан 13 оқу орны қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Байқаудың негізгі мақсаты «Ұлысқа мерей сыйла, нұрлы Наурыз!» атты мерекеге орай 14-22 наурыз аралығында Қызылорда қаласында 9 атаулы шараға орай салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарды жастар бойына сіңдіру және оны одан әрі насихаттау. Байқау шарттары таныстыру, салт-дәстүрге байланысты сұрақ-жауап, көрініс. Байқау нәтиждесі бойынша І орынды М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, ІІ орынды Қорқыт Ата атындағы ҚМУ иеленсе, ІІІ орынды «Өркениет» медицина және «Қызмет» колледжі иеленді.