Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ШЫДАМДЫЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛГЕН

«ҚАЗАҚСТАН АРУЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ КҮЙЗЕЛІСКЕ ШЫДАМДЫЛЫҒЫ ТЕКСЕРІЛГЕН

 

Қазақстанның 2016 жылғы үшінші вице-аруы Анастасия Усольцева yk-news.kz берген сұхбатында байқауға дайындығы жайлы айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.
Оның сөзінше, кей қыздар биік өкшелі туфлиді алғаш рет байқауға дайындық кезінде киген. «Біз 15 сантиметр биік өкшемен сағаттап жүрдік. Бәріне бала кездегідей үйренуге тура келді. Дайындық түн ортасына дейін жалғасты. Таңғы сегізде біз боянып, сыланып, әдемі көйлекпен таңғы асқа түсуіміз қажет болды», - деді бойжеткен.
Әлеуметтік желіде байқаудың орындары сатып алынады екен деген қауесетке қатысты ол былай деп жауап берді: «Менде ақша жоқ. Қарапайым отбасында анам мен әжем үшеуміз тұрамыз, техникалық университетте құрылыс факультетінде оқимын. Анам ақша төлемесін деп, грантқа түсуге тырыстым. Ал байқауға қатысу үшін шыдамдылық, мейірімілік пен ашықтық қасиеттер керек», - деді ол. «Ұйымдастырушылар қыздарды күйзеліске шыдамдылығын тексеру үшін әдейі түрлі жағдайларды ұйымдастырғанын байқау өткеннен кейін бір-ақ білдім. Мысалы, күтпеген жерден сырғаның біреуі жоғалады, бір нәрсе жетпей қалады. Нөмірде кереуетіңе басқа қыздар отырып алып, әңгіме айтып, ұйқы бермейді. Шаш үлгісін сахнаға шығар сәтте бірнеше минут бұрын жасады. Ал эмоция мен ренішің ешкімге қажет емес, оны өзің жеңе білуің қажет», - деп атап өтті Анастасия Усольцева.
 Еске салсақ, «2016 Қазақстан аруы» байқауының жеңімпазы қызылордалық Гүлбану Әзімханова. Бірінші вице-ару астаналық Елназ Нұрсейітова, екінші вице-ару көкшетаулық Жанар Найманбаева, үшінші вице-ару өскемендік Анастасия Усольцева атанған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: