Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ЖАҢАҚОРҒАНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІ

ЖАҢАҚОРҒАНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ МЕРЕКЕЛЕНДІЕлімізде тұңғыш рет мерекеленіп жатқан 1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудан әкімі Руслан Рүстемов арқалы ақын, жырау, термеші, сазгер, әнші Нұрберген Тастаевтың отбасына ат басын бұрды.
Өзі өмірден өтсе де артынан өшпес із қалдырған қарымды қаламгердің жары Ботакөз Орынбасарқызын алғыс айту күнімен құттықтады. Сондай-ақ, Р.Рүстемұлы ақынның мүмкіндігі шектеулі қызы Ақтоты Тастаеваның хал-жағдайын біліп, әрі қаржылай көмек қолын созды. Игілікті істің бас-қасынан табылатын әкімнің мейіріміне, Ақтоты Нұрбергенқызы өз тарапынан «рахметін» ыстық ықыласпен жеткізді.
Осыдан кейін «Алғыс айту» күніне орай өткізілген шара «Ардагерлер және жастар ресурстық орталығында» жалғасын тауып, концерттік бағдарламаға ұласты.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: