Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

"Студенттік көктем" мәресіне жетті

"Студенттік көктем" мәресіне жеттіА.Тоқмағанбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сүйікті қалам – Қызылорда!» тақырыбында «Студенттік көктем-2015» дәстүрлі өнер фестивалінің марапаттау гала концерті өтті.
Талантты жастарды анықтау, өскелең ұрпақтың бойынан патриоттық сезімді ояту, шығармашылық өсулеріне қолдау көрсету мақсатында өткізілген фестиваль 3 күнге созылған болатын. Биылғы шарада 2000- нан астам сайыскер бақ сынады.
Апта бойына таланттарымен танылған өнерлі жастар фестивалінің халықтық және әскери патриоттық билері, Ретро әндер, қолөнер және сурет шеберлері, Жұлдызды сәт, Жұлдызды дода, Сән мен Сахна байқауы және қала әкімінің кубогы үшін өткен Жайдарман сайыстарының қорытынды нәтижесі бойынша жеңімпаздарды фестивальдің гала-концертінде қала әкімінің орынбасары Ж. Базартай марапаттады. Барлық байқаулардың І орын иегерлері фестиваль барысында өздерінің үздік шығармаларын барша қатысушы қонақтары мен көрермендері үшін тағы бір мәрте паш етті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: